«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді.
Дүниежүзілік тазалық күніне орай Ащысай шатқалында ауқымды экологиялық ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу.
Колледж ұжымы тазалық жұмыстарын ұйымдасқан түрде атқарып, «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде үлес қосты.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген жауапкершілік – әрқайсымыздан!
«Жаңа технология – жаңа дағды»
«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында білім алушылар өндіріс орындарында қолданылатын заманауи технологиялармен танысты.
Студенттер автоматтандырылған құрылғылардың, роботтық жүйелердің, жасанды интеллект пен цифрлық бағдарламалардың жұмысын бақылап, құрылғыларды баптау, ақпаратты талдау және ықтимал ақауларды анықтау бағытында тәжірибелік білім алды.
Осындай іс-шаралар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, цифрлық сауаттылығы мен кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңа технологияны тиімді басқаратын – білікті маман. Ал жаңа дағды – болашаққа жасалған сенімді қадам!
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде білім алушылар арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» және «Кибербуллингтен қорғану» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге:
Түркістан қаласы ПБ ҚҚБ бастығы, полиция капитаны Қойшыбаев Ұлан Берикханұлы;
Түркістан ҚПБ-ның ҚҚБ ОТЗЗҚК бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Қайырбекова Айсулу Ергалиевна;
Түркістан қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспектор полиция майоры Жүсіпбеков Өркен Мұсаұлы;
Кездесу барысында студенттерге құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп пен жауапкершілік, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Оқытушының өндірістегі бір күні!
Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің инженерлік-педагогикалық құрамының кәсіби білімін заман талабына сай сәйкестендіру мақсатында «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану»-мамандығының арнайы пән оқытушысы Маликаждарұлы Алмас кәсіпорында өндірістік тағылымдамадан сәтті өтіп қайтты. Бұл бастама оқытушыларымыздың теориялық білімін өндірістің нақты талаптарымен ұштастырып, оқу үдерісін жаңғыртуға бағытталған.
Тағылымдама барысында оқытушымыз төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
• Жаңа жабдықтарды көріп, өндіріске енгізіліп жатқан соңғы үлгідегі автоматтандырылған аппараттардың мүмкіндіктерімен жұмыс барысында танысты;
• Кәсіпорын маманымен бірге жұмыс істей отырып, тәжірибе алмасты және өндірістік шеберлігін шыңдады;

