Жастар ісі жөніндегі комитеті
Жастар – кез-келген қоғамның ең құнды әрі әмбебап қоры, сондай- ақ сол ел дамуының негізі болып саналады. Колледжде жастар саясатының дамуы - тәрбиелік жұмыстың басты бағыттарының бірі. Осы бағыттағы негізгі жұмыс атқарушы бөлімше – «Жастар» ісі комитеті. Комитеттің нормативті құжаттарына ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты» заңдары, ҚР Конституциясы және т.б. заңнамалар жатады. «Жастар» комитетінің отырысы айына екі рет өтеді. Бұл отырыстарда жастар саясатының өзекті мәселелері, колледжішілік және қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың жоспарлары талқыланады. Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамына колледждің өзін өзі басқару құрылымының мүшелері, жатақханалардың студенттік кеңесі, оқу топтарының старосталары, спорттық секциялар мен қызығушылықтар бойынша үйірмелердің қатысушылары кіреді.


Бақберген Айдана Серікқызы Жастар ісі жөніндегі инспектор
