Image

Сәрсенбаев Жұлдыз Әлеуметтік педагог

Image



     Әлеуметтiк  педагог - басқалармен салыстырғанда бiздiң ел  үшiн жаңа  мамандық. Айта кету керек, отандық әлеуметтік педагогтар өздерінің әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде балалар мен үлкендердің, отбасы мен мемлекеттік қызметтердің, ұйымдардың, мекемелердің арасын байланыстыратын делдал болудан бастап, заңды құқықтарды қорғау, шиеленістерді шешуге дейінгі түрлі әлеуметтік рөлдерді атқарады.

      Әлеуметтік педагогтың негізгі қызметіне баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау, оған әлеуметтік көмек көрсету, білім алуын, қоғамға бейімделуін ұйымдастыру жатады. Солай бола тұра, оқушы тұлғасы әлеуметтік - педагогикалық іс- әрекеттің субъектісі болып есептеледі.  Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің мазмұны негізінде Л.С. Нагавкина, О.К. Крокинский, С.А.Кособуцкийлер жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі қызметтерін анықтады. Олар: профилактикалық, қорғаушылық, ұйымдастырушылық. Аталған қызметтерді анықтай отырып, М.А.Галагузова, Ю.Н.Галагузова, Б.П.Дьяконов, Е.Я.Тищенко, Г.Н.Штинов оның: диагностикалық, делдалдық, профилактикалық, қорғаушылық, түзетушілік, реабилитациялық түрлерін бөліп көрсетті.

       Әлеуметтік педагогтың қажетті ақпараттарды алуы үшін өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес диагностиканың көптеген түрлерін қолданады. Мысалға айталық:

- медициналық диагностика: әлеуметтік педагог дәрігерлер сияқты  ауруларын анықтап диагноз қоймайды (мысалы, нашақорлық, шизофрения, маскүнемдік), бірақ медициналық қорытындыны біліп, ауруға алып келетін әлеуметтік-педагогикалық салдарларға болжам жасайды;

- психологиялық диагностика: кіші мектеп жасында, жасөспірімдік және жасжігіттік кезеңде болатын (психиканың жас ерекшеліктерімен байланысты танымдық белсенділік, мінез-құлықтық реакциялар, девиантты мінез-құлыққа бейімділік және т.б.) қауіп-қатер факторларын есепке алу;

- әлеуметтік диагностика, яғни қоғамдағы өзара қарым-қатынасты айқындау мен оқып-тану. Оның мақсаты әлеуметтік диагноз қою, баланың, отбасының әлеуметтік денсаулығының жағдайы туралы қорытынды жасау. Әлеуметтік педагог үшін баланың өмірлік жағдайына, оның отбасына деген қарым-қатынасына араласу мен оны қоршаған ортаны анықтау аса маңызды;

- педагогикалық диагностика – бұл педагогикалық үдерісте көрініс беретін бала тұлғасын зерттеу. Әлеуметтік педагог тұлғаның күш-қуатын  және оның ашылмаған қабілеттерін зерттеп тануға әрекет жасайды;

- әлеуметтік-педагогикалық диагностика, баланың әлеуметтік микроортамен өзара іс-әрекетін, оның тұлғаны қалыптастырудағы ықпалын айқындайды.

    Тұлғаның адамгершілік қасиеттері баланың қалыптасуының нәтижелері ретінде оның гуманистік бағдарының әсерінен туындайды.Оны бағдарламау әлеуметтік педагогтың назарын бірнеше объектіден бір ғана объектіге аударып, оның жұмысын жеңілдетеді. Әлеуметтік педагог барлық колледж студенттерімен тікелей жұмыс жасайды және  іс-әрекеттерінің нәтижелі боуына септігін тигізеді.

БІЗ ТУРАЛЫ

         1934 жылы қараша айында «Түркістан ауданаралық трактористер Мектебі» болып ашылған мектепте жөндеу шеберханасы болды, ол келісімшарт бойынша аудандағы техникаларды жөндеді. 1934 жылы мұғалімдер штат кестесі бойынша бес бірлік болды. Мектепте негізінен трактористер оқыды. Жылына жоспар бойынша 150 оқушы оқитын болды. Тұңғыш директор болып Ахметов Саид тағайындалды.

Байланыс

Мекен-жай:

Кері байланыс