Image

Қаратаева Гүлжан Колледж әдіскері

Image

Дүйсеева Перизат Колледж әдіскері

Колледждің әдістемелік тақырыбы:     «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман  даярлаудың инновациялық жолдары»

 

          Мақсаты: Инновациялық  технологиялар арқылы колледждің әдістемелік жұмысын жандандыра отырып, бәсекеге қабілетті, заманауи сұранысқа ие, теориялық білімі, іс-тәжірибелік дағдысы бар, білікті маман даярлау.

        Міндеттері:

-Оқу үрдісінің инновациялық технологияларын, әдістерін, түрлерін жетілдіру және жаңа технологияларды меңгерту, енгізу;

-Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда  ғылыми-ізденіс жұмыстарын әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

-Педагогикалық кадрлардың үздіксіз біліктілігін арттыру  жұмысын қамтамасыз ету, білім мазмұнын  жаңарту аясындағы жаңа бағдарламаны меңгеру курстарынан өту;

-Педагогикалық кадрлардың модульдік оқыту бағдарламасы бойынша курстарынан өту;

-Инновациялық  технологияларды енгізу арқылы педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттырып,  жұмыстарын   жинақтап, баспа беттерінде тарату;

-Колледжішілік апталықтар, семинарлар өткізу нәтижесінде жаңашыл ұстаздарды анықтау;

-Ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастырып,  конференция семинарларына, облыстық,   республикалық байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысуды жүзеге асыру;

-Оқу пәндерінің мазмұнын жаңашаландыру, жетілдіру, білім беру бағытын дербес тұлғаға бағыттау, білімгер  мен  оқытушы  арасындағы қарым-қатынасты өзгерту әрі нығайту;

       Күтілетін нәтиже:

- Оқытудың инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану арқылы білім сапасының көтерілуі;

- білім берудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген, жан-жақты құзыретті педагогтың қалыптасуы;

-педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігінің жетілуі.

БІЗ ТУРАЛЫ

         1934 жылы қараша айында «Түркістан ауданаралық трактористер Мектебі» болып ашылған мектепте жөндеу шеберханасы болды, ол келісімшарт бойынша аудандағы техникаларды жөндеді. 1934 жылы мұғалімдер штат кестесі бойынша бес бірлік болды. Мектепте негізінен трактористер оқыды. Жылына жоспар бойынша 150 оқушы оқитын болды. Тұңғыш директор болып Ахметов Саид тағайындалды.

Байланыс

Мекен-жай:

Кері байланыс