«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

 

      19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді.
Дүниежүзілік тазалық күніне орай Ащысай шатқалында ауқымды экологиялық ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу.
Колледж ұжымы тазалық жұмыстарын ұйымдасқан түрде атқарып, «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде үлес қосты.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген жауапкершілік – әрқайсымыздан!

Компонент комментариев CComment

БІЗ ТУРАЛЫ

         1934 жылы қараша айында «Түркістан ауданаралық трактористер Мектебі» болып ашылған мектепте жөндеу шеберханасы болды, ол келісімшарт бойынша аудандағы техникаларды жөндеді. 1934 жылы мұғалімдер штат кестесі бойынша бес бірлік болды. Мектепте негізінен трактористер оқыды. Жылына жоспар бойынша 150 оқушы оқитын болды. Тұңғыш директор болып Ахметов Саид тағайындалды.

Байланыс

Мекен-жай:

Кері байланыс