ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» – КӘСІБИ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

 

     Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №0917/РПП17 хатына сәйкес, «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің» 07161300 - "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығының білім алушылары, колледждің мамандары: М. Досаев, Д. Абдиев, Е. Толебаев, Н. Юсупов өндірістік-танымдық экскурсияға қатысты.
     Экскурсия барысында білім алушылар «ТехПрофАвто» ЖШС автопарк мекемесінің жұмысымен танысып, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану үдерістерін көрді.
     Мекеме мамандарының айтуынша, автопаркте электр энергиясымен және дизель отынымен жұмыс істейтін 83 автобус бар. Оның ішінде 58 автобус қала ішінде 6 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетіп жүр.

Компонент комментариев CComment

БІЗ ТУРАЛЫ

         1934 жылы қараша айында «Түркістан ауданаралық трактористер Мектебі» болып ашылған мектепте жөндеу шеберханасы болды, ол келісімшарт бойынша аудандағы техникаларды жөндеді. 1934 жылы мұғалімдер штат кестесі бойынша бес бірлік болды. Мектепте негізінен трактористер оқыды. Жылына жоспар бойынша 150 оқушы оқитын болды. Тұңғыш директор болып Ахметов Саид тағайындалды.

Байланыс

Мекен-жай:

Кері байланыс